1-тапсырма. Мәтінді оқып, күрделі етістіктерді теріп жазыңыз. Олардың екеуін сөз Арамына (морфологиялық) талдаңыз. Достық шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгершілік жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін бәріміз жақсы білеміз. Достық жүрген дерде жалған сезімге орын жок. Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы деп Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің достығын айтуға болады. Маркс пен Энгельстін ұзақ жыл бойы бірлесіп еңбек еткені, бір тұрмаған жағдайда Aүнбе-күн хат арқылы хабар үзбегені, олардың бір-біріне деген достық қамқорлығы тарихта аңыз болып қалды. Маркстің а ң бакытына еңбек етуіне, қаламақысы Шылым алуына да жетпеген сол бір заманда “Капитал” сияқты ұлы еңбегін жазуына Энгельстің достық көмегі шексіз болғаны белгілі. 1857 жылы Энгельс науқастанып далғанда Маркс ерінбей жалықпай медицинаны зерттеп, досын дерттен емдеудің жолын іздегені де белгілі. Ал Энгельс болса жOKIылыкта өмір сүрген ұлы досына өмір бойы көмек көрсетумен болады. Жаны жек көретін сауда конторында ол Маркс үшін қызмет істеп, тапқан табысын досының отбасына беріп тұрады. Екі алыптың асқан достыкпен, ынтымақтастықпен істеген еңбегі арқасында а ұлы ғылымға ие болды. om