1-тапсырма Мәтінді оқыңыз. 1-мәтін Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет Шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын. 2-мәтін Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығы — қасқырлардың басты ерекшелігі. Аналық қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады. Бұл жыртқыш аң бостандықты қалайды. Қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыра береді. Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қояды. Екі мәтіннің ерекшелігін жазыңыз. Ортақ мәселені анықтаңыз, салыстырыңыз. 1-мәтін Ортақ мәселелер: 2-мәтін