1 - тапсырма Мәтінді оқыңыз , 1 - мәтін Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты . Жұрт асырауға көнеді десті . Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды . Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды . Бауырын көтеріп , тырбанып жүруге айналған соң , мойнына жіп тағылды . Үй ішінен шықпайды . Түнде Құрмаш қасына алып жатады . Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті . Қасында не аяқ жағында , көрпенің астында Көксерек жатады . Жаз ортасына жақындаған кез болды . Көксерек үлкейді , бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес . Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді . Бірде - бір ит мұны дос көрмейді , маңына жақындатпайды . Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды . Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты . Енді кара ала төбет те талай алмайды . Жота жүні үрпиіп , көздері жасылданып , бар тістерін көрсетіп , аузын акситып ашып жіберіп , тап бергенде талай бұралқы төбет Шәуілдей кашатын болды . Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын ,
2 - мәтін Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң . Оны қолға үйрету өте қиын . Қасқыр қақтығыстан қайтпайды . Не жеңеді , не өледі . Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді . Ол тек қана балғын , жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді . Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді . Бір - бірін ешқашан алмастырмайды . Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады . Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады . Бір - біріне деген адалдығы қасқырлардың басты ерекшелігі . Аналық қасқыр ұйықтап жатканда , еркек қасқыр күзетіп тұрады . Бұрт жыртқыш аң бостандықты қалайды . Қақпанға түскен қасқыр аяғын тістен кесіп , ары қарай жолын жалғастыра береді . Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе , онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін . Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз , ауру қасқырларды азық ретінде жеп қояды . Екі мәтіннің ерекшеліrін жазыңыз .
Ортақ мәселені анықтаңыз , салыстырыңыз .
1 - мәтін
Ортақ мәселелер :
2 - мәтін
2 - тапсырма Қасқыр - ауыл адамдары , төрт түлік мал үшін қауіпті жыртқыш аң . Қасқырлардың қандай ерекшеліктері бар ? Жұп болып , бір - біріңіздің пікіріңізді тыңдап , бағалаңыз
100б​

Vsasilina Vsasilina    1   26.02.2021 13:53    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi