1-тапсырма Мәтінді оқыңыз.
1-мәтін
Біз бүгін досым екеуіміз Айзеренің туған күніне барамыз. Жинаған азын-аулақ қаражатымыз бар. Оған қандай сыйлық алатынымызды әлі шешкен жоқпыз. Маған ұнаған сыйлық досыма ұнамады, оған ұнаған сыйлық маған ұнамады. Екеуіміз бір шешімге келе алмадық. Мен сыйлық таңдаудың қиын екенін білмеппін. Анама осы жайды баяндап бердім. Анам сыйлық таңдаудың ережесі барын айтты. Сендерді де осы ережемен таныстырайын.
Сыйлық берген кезде төмендегі нәрселерді назарға алған жөн:
- туған күнге бүкіл отбасы емес, туған күн иесінің өзі ғана қолданатын зат сыйла;
- сыйлық не кәдесыйды туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, сондықтан сыйлығыңды алдын ала беріп қой;
- сыйлық ретінде ақша сыйлаған дұрыс емес, ол адам сен үшін шынайы қымбат болса, уақытыңды бөліп, оны қуантатындай сыйлық таңда;
- өте қымбат сыйлық бермеген жөн, қымбат сыйлық адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы ықтимал. Өте арзан сыйлық оған ұнамауы мүмкін, сондықтан оның көңілінен шығатындай сыйлық ал;
- сыйлықтың безендірілуіне мән бер;
- өзіңе сыйлаған сыйлықты беруге болмайтынын жадыңда сақта;
- күшік, мысық, тотықұс және т.б. сыйлықтарды сол үйдің отбасы мүшелерінің рұқсатымен сыйлау керектігін ескер;
- сыйлықты кіре берісте беруге болмайды, оны қонақбөлмеде асықпай, жылы лебізіңді айтып сыйлауды дәстүрге айналдыр;
- сыйлығың тосынсый болса, туған күн иесі қатты қуанышқа бөленетінін ескер;
- ақшалай сыйлықты ковертке салып бер;
- тым нашар сыйлық бергеннен гөрі бермеген дұрыс.
Осы ережелерді жадыңда ұстасаң, сыйлық беру мерекеге айналары сөзсіз.

2-мәтін
- Әнел, сенің ойыңша, «сауда» - деген не?
- Менің ойымша, «сауда» дегеніміз – өзіңе қажетті затты сатып алу.
- «Сауда-саттық жасауға да сауаттылық қажет» деген пікірге қосыласың ба?
- Әрине, қосыламын. Сауда жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Сауданы табыс көзіне айналдыру, тапқан табысыңды айналымға жіберу – үлкен өнер.
- О-о, сен сауда туралы көп мәлімет біледі екенсің ғой!
- Иә, мен болашақта жеке кәсібімді ашқым келеді. Сондықтан қазір сауда-саттық туралы көп кітап оқып жүрмін.
- Қандай кәсіппен айналысқың келеді?
- Мен «Қазақстанда шығарылған» деген атпен тек отандық өнімдерді сататын дүкен ашқым келеді.
- Дүкен ашу үшін де кітап оқу керек пе?
- Әрине. «Қандай тауардың сатылымы жоғары болады?», «Оның сапасы қандай болуы керек?», «Кіріс-шығысты қалай есептеу қажет?», «Оны қалай ұтымды сатуға болады?», «Қолма-қол ақша табудың жолы қандай?» тәрізді көп сұрақтың жауабын кітаптан табуға болады.
- Мен сауда жасаудың осыншалық қиын болатынын білмеппін. Ісіңе сәттілік тілеймін!

Мәтіндерді оқып, ондағы ақпараттарды салыстырыңыз. Мәтіндегі мәселелерді анықтаңыз.

Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Мәтін мазмұнында не
туралы айтылады? 1. 1.
Мәтінде қандай мәселелер көрініс табады? 1.
1.

Екі мәтінге ортақ мәселе қандай? 1.

2-тапсырма
Мәтіндерде көтерілген мәселелерге байланысты өз пікіріңізді 3 сөйлеммен жеткізіңіз.






Дескритор Білім алушы
- екі мәтіннің ерекшеліктерін жазады; 2
- мәтіндерде көтерілген мәселені анықтап, жазады; 2
екі мәтінге ортақ мәселені жазады. 1
- мәселеге қатысты пікірін 2 сөйлеммен білдіреді. 2

3-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, маңызды деп санайтын ақпараттардың астын сызыңыз.
Қазақстандық өнертабыстар
Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен таратып отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, қапшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.
4-тапсырма
Мәтіндегі ақпараттарды аргумент ретінде пайдаланып, жаңа өнертабыс туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Hamidylla Hamidylla    2   17.10.2020 12:34    29

Ответы
qwwwq0 qwwwq0  17.10.2020 13:01

иди на фи г сложно очень сложно а а а спс за коронку

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi