1-тапсырма. Мәтінді оқы. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпарат бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрлерден туризм мен ынтымақтастың қазіргі озық
үлгілеріне» атты екі күндік форум болды. Бұл форумға Жібек жолы бойында орналасқан 25 ірі қаланың
мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді және өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны
одан әрі жетілдіру туралы айтылады. Форумда қозғалған маңызды мәселелердің бірі –аймақтық туризмді
дамыту бағытындағы кедергілер, яғни трансшекаралық қиындықтар, аймақ елдері арасында ортақ визаның
жоқтығы және аймақтық туристік өнімдер тізімін анықтаудың дұрыс жолға қойылмағандығы.
«Жібек Жолы» бастамасының негізгі мақсаты–сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия
мемлекеттері мен Қытайдың экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасты тереңдету. Жібек
жолы қалалары әкімдерінің алғашқы форумы 2006 жылы Ташкентте, одан кейін Қытайдың Ланьчжоу
қаласында өткен болатын.
Бағалау критерийі:
өз ойын айтады;
себебін түсіндіреді;
ойын дәлелдейді;
қорытынды шешім жазады.