1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тағы қандай ою түрлерін білесіңдер? Кітап, 148-бет. Ою-өрнек латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оның әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай. «Қошқармүйіз» өрнегі қошқардың иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды. Бұл ою халықтың арман-тілегін білдіреді. «Қошқармүйіз» оюы текемет, сырмақтың ортасына, кебеже, сандықтың беттеріне салынады. «Қосмүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді ұқтырады. Ал «сұңқармүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді. Ғ.Аманов