1 тапсырма . Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі мәліметті сәйкестіріңдер. Прочитай текст, сопоставь информацию из текста.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Сиднейде өткен ХХVІІ Олимпиаданың чемпионы.
Балалық шағы. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже перзенті болды. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады.
1986-1999 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім-тәрбие ала бастайды.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тамамдаған. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман.

liliyazaleeva12 liliyazaleeva12    2   09.03.2021 19:46    3

Ответы
dfhhu dfhhu  08.04.2021 19:47
312

18 жасында қажылыққа барған

1995 жылы бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім тәрбие ала бастаиды

Бекзат Саттарханов Түркістан қаласында дүниеге келген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi