1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені анықтаңыз.

Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

Fox125123 Fox125123    2   16.10.2020 14:54    0

Ответы
panteleevdanil panteleevdanil  15.11.2020 14:56

Бұл жердегі көтерілген басты мәселе туған жерді тілді салт дәстүрді және тарихты сыйлау құрметтеу онсыз сен ешкім еместігінді түсіну ол ұшін күресу осының бәрі біздің мойнымызда!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi