1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріңіз. «Ана тілі - бәріміздің анамыз,                                                                         өйткені ол – ұлтымыздың анасы»                                                                                                            Н.Ә.Назарбаев          Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы.          Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.          Амал не, туған тілімізде дұрыс сөйлемейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі қазақтар да таза сөйлемейді. Бүгін де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, оны дамытуға кедергі келтіреді. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қалай қадірлесек, өз ана тілімізді де солай қадірлейік, қастерлейік. Себебі, ана тілінде сөйлемеу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.       Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтінде не туралы айтылады? М. Жұмабаевтың тіл туралы айтқан ойын өз сөзіңізбен қорытындылаңыз. «Ана тілінде сөйлемеу – анаңды ұмытумен бірдей» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу/келіспеу себептерін айтыңыз.

gulua1 gulua1    2   22.09.2021 14:59    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi