1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.  Ғарыш әлеміне жұлдыздар мен Галактикалар, олардың аралағындағы бос кеңістіктер, түрлі сәулелер мен газ шоғырлары және шаң-тозаңдар жатады. Жұлдыздар – айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар Жерден өте алыс орналасқандықтан, бізге жылтыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Кейбір жұлдыздар Күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Аспан әлемінен жай көзбен қарағанның өзінде 5000-ға жуық жұлдызды көруге болады. Ал күшті телескоппен миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар тобы- шоқжұлдыздарға топтастырады. Әр шоқжұлдызға ат берілген. Олардың бірі- Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол шөмішке ұқсайтындықтан, Үлкеншөміш деп те аталады. Кіші Жетіқарақшының пішіні де шөміш секілді. Бұл шоқжұлдыздардың ішінднгі ең жарығы- Темірқазық. Саяхатшылар мен теңізшілер осы жұлдыз арқылы бағыт-бағдарларын анықтаған. Солтүстік полюс жақта орналасқандықтан, Темірқазыққа қарап солтүстікті табады.

2-тапсырма. Оқыған мәтіннің мазмұнына сүйеніп,  «Ғарыш әлемінде» тақырыбына диалог құрастырып жаз.

3 тапсырма Ұшыр сөзін 3 шақта жаз

Бағалау критерийі 

Тапсырма 



Дескриптор



Білім алушы 

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды 

1

Мәтіннен берілген ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды: 

- біріншісуретбойынша; 

- екіншісуретбойынша; 

- үшінші сурет бойынша; 







Берілген тақырып бойынша диалог құрады 

2

Диалогтің мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді; 

1

Тірек сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады; 

1

тақырыпқа, мәнмәтінге сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді; 

1

сөйлеу барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды. 

1

Етістікті тиісті шақта қолданады



Жіктеу барысында 

Осы шақта дұрыс қосымша қолданады

Өткен шақта дұрыс қосымша қолданады

Келер шақта дұрыс қосымша қолданады

1

1

1

Барлығы 

10​

virusvirus93 virusvirus93    2   27.04.2021 14:33    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi