1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ халқының ежелден қастерлеп, киелі деп санаған құсының бірі – бүркіт. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты. Көрнекті ғалым Әлкей Марғұланның деректері бойынша ана тілімізде бүркітке қатысты 1, 5 мыңға жуық жеке атау сөздер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал-мәтелдер, халықтық даналық нақылдар бар екен.
Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы- арыстан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі-бүркіт», «Қанаттылар тәңірі» деп өте жоғары бағалаған. Бүркіт халқымыздың ұғымында батылдық пен батырлықты, азаттық пен айбындылықты, еркіндік пен бостандықты, өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қайраттылықты сүйетін құс ретінде сипатталады. Соған байланысты «Бүркіт –жеті қазынаның бірі» немесе «Ер жігіттің еті асылының бірі» деген ұлттық ұғымда қалыптасқан. Қазіргі тәуелсіз еліміздің көк туында да қыран бүркіт бейнеленген.
1. Мәтіннен бір негізгі екі қосымша ақпаратты
көмектесіңдерші очень нужно