1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ
сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін
зиянды әсері күн санап артуда.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылу үшін альтернативті энергия көздеріне қол
жеткізе бастады. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен
сайын іздестіруде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады.
Атом энергетикасының келешегіне қауіп төнгендіктен, көптеген елдер баламалы қуат
көздерін пайдалануда. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін станцияларда
өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен
жел станцияларының қымбат болуына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, күн
энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың
ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370 С құрайды. Бұл біз үшін, ең
тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға
қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.
1 тапсырма. «Дастарқан» әдісі. Мәтін мазмұны негізінде сұрақ құрастырып жазыңыз.
1. оңтүстік облыстарда неше рет күн ашық болады ?
2. Жылына дер бетіне түсетін күн энергиясы ?
3. Бүкіл әоем энергия тапшлығынан құтылу үшін қандай энергия көзіне қол жеткізе бастады?