№1 тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер. Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүниежүзі ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар тұңғыш кітап шығарды. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скот ұсынды.
Қызыл кітапқа құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ т.б. аңдар мен құстар, өсімдіктер кірді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер, жорғаулаушылар, құстар, сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе
көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжың, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.

1. 4-абзацта не туралы айтылған?
А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы
В) жануарлар дүниесі туралы
С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы
Д) табиғатты қорғау туралы

Ксюшка3215 Ксюшка3215    1   02.12.2021 16:16    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi