1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды анықтаңыздар.
Қазақстан барысы-2018
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20
жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII
республикалық турнирі аяқталды. Биылғы балуандар бәсекесінде Ержан Шынкеев
жеңімпаз атанды. Өткен жылы "Қазақстан барысы" атанған Еламан Ерғалиев биыл
чемпиондық атағын қорғай алмады. Балуан ширек финалда "Әскер барысы" Ерасыл
Қажыбаевтан жеңілді. Балуандар тең түсіп, белдесуде Еламанның қолы белбеуден босап,
жарысты аяқтады. Естеріңізде болса, Еламан да өткен жылы "Әскер барысы" атанып
барып, "Қазақстан барысында" бақ сынаған еді. Жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев
Түркістан облысынан келген балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесті. Бірден ұпай алып,
шабуылда ширақтық танытты. Әйткенмен екі балуанның салмағы бірдей емес. Ерасыл
биылғы балуандар бәсекесіне қатысушылар арасындағы ең ауыр салмақты спортшы.
Ерсұлтаннан 60 кг-ға ауыр болды, дегенмен жекпе-жек соңында Түркістан облысынан
келген балуан намысты ан бермеуге тырысты. Үстін-үстін әдіс жасап, ұпай алғанмен,
алып қарсыласынан айласын асыра алмады. Жартылай финалдағы Айбек Нұғымаров пен
Ержан Шынкеев арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Жанкүйерлердің ықыласына
бөленіп, қос балуанның әдіс-айлалары ерекше болды. Белдесудің соңында Ержан ұтылып
тұрып, шығыс Қазақстандық балуанды өз әдісіне түсірді. Нәтижесінде финалға жолдама
алды.
Биылғы "Қазақстан барысына" алып балуандар шықты. Ерасыл Қажыбаевтың
салмағы 151 кг (ең ауыр балуан) болса, Ержан салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласынан 20
кг жеңіл шыққан болатын. Финалдық белдесуді Ержан Шынкеев ширақ бастады. Бүк
ұпайын алып, оны жамбас ұпайына айналдыра білді. Ал Ерасыл жарақаты барын
аңғартып, ауырсына жүріп белдесті. Ержан шеберлігін танытып, алғаш рет Қазақстан
барысы атанды. Ал алғаш рет Қазақстан барысына қатысқан Ерасыл Қажыбаев күміс
белбеу иегері атанды.​


1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды анықтаңыздар.Қазақстан б

karas14 karas14    2   10.03.2021 14:45    1

Ответы
TeoRe TeoRe  10.03.2021 14:50

Объяснение:

нужни бали

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi