1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша бес проблемалық сұрақ жазыңыз. Қазір ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап оқитындардың
қарасы азайған сыңайлы. Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап келген кітаптың орнын баса
алады ма?! Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта
құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап-алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы,
көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің
бәрі кітаптта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас.
Бүгінгі күні кешегі бабаларымыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып,
жаңа технологиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір парасы
«әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап
оқудан қалды деуге болады,
Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер,
әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордап-ақ пайдалана аласың. Қаншама
қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да
пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шыгамыз,
көптеген деректерге қанығамыз және ғаламтор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып
жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың
ықшамдалған нұсқасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы.
Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны
анык.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша бес проблемалық сұрақ жазыңыз. Қазір ғаламтордың әлеу

nastyakelman25 nastyakelman25    2   03.03.2021 13:06    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi