1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?

Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы​

Tahir353 Tahir353    2   16.10.2020 15:07    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi