1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

1. Мәтіннің басты кейіпкері кім?
2. Мәтіннің мазмұнын 2-3 сөйлеммен жаз.
3. Мәтіннен сөздердің синонимін тап.
Нашар-
Жақсы-
Құрметтейді-
Адам-
4. «Қазіргі жасөспірімдер» тақырыбы бойынша 6-7 сөйлемнен тұратын диалог құрастыр.

nik180208mailru nik180208mailru    2   06.05.2021 13:28    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi