1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз, ойды жалғастырып, оқиғаны аяқтаңыз. Кейіпкердің орнынада сіз болсаңыз не істер едіңіз?

Маусым айының ыстық күнінде бақша арасындағы жолмен келемін, итім алдымда келеді. Ол кенет жүрісін тежеді. Құстың иісін сезгендей, төрт тағандап бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Балапан жас қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Ит балапанға ептеп жақындады. Кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің алдына келіп қонды. Байғұстың зәресі кеткен, жүнін үрпитіп шырылдауда. Иттің арандай ашылған, тістері ақсиған аузына қарай бір-екі рет тап береді.
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол бал бөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды...

2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
№ Сұрақ Жауап
1 Мәтінде қай жыл мезгілі сипатталады?
2 Оқиға қай жерде болды?
3 Торғай балапанын өз денесімен неге бүркемек болды?
4 Мәтінге қандай атау бересіз?

НикитаТим НикитаТим    1   04.05.2021 10:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi