1- тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз , ойды жалғастырып, оқиғаны дамытып жазыңыз.2-3 сөйлеммен.

Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе «мен бір айла қылайын»! деді. Сөйтіп, қатындарға қарап:
—      Құдағай, менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға мүмкін бе? — деп сұрайды. Қатындар:
—      Мақұл, салып, пісіріп ала ғой, — дейді
Алдар көсе тұрып:
—      Қойларыңыз тоқтымды жеп қоймаса, — дейді.
—      Ой, Алдар көсе-ай, қойды қой жейді дегенің не сұмдың. Қой, сандалмай жібер, жесе, сол жеген қойдың бәрін саған беремін, деді.
Алдар көсе қойларға тоқтысын жіберіп, байдың үйіне қонақ болып, жата берді. Түнде бір ұйықтап тұрып, байға білдірместен көп қойға барып, өзінің тоқтысын ұстап, сойып, он семіз бойдақ қойдың аузына жағады. Жағып болып, сойған тоқтысының етін иттерге тастап, үйге келіп, жатып қалды. Таң атып, күн шыққасын тұрып, шай ішіп болып, байды ертіп, қойға барса, Алдар көсенің тоқтысы жоқ. Бай олай, бұлай қараса, бірталай қойдың аузы — қан. Алдар көсе тұрып:

!

tasss1 tasss1    3   04.05.2021 13:28    0