1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын
ажыратып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Шығыс ұлы!
Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа
ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз
қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!
Мен саған осы хатты немістің блиндажында жазып отырмын. Жанымда бірнеше
қазақ жігіті бар. Осыдан 40 минут бұрын бұл блиндажда немістер отырды. Біз оларды
қамауға алып, үстінен басып қалдық. Тек аз тама солдаттары қашып құтылды.
...Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірді. Ондағы мейірімді халықты,
бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын
махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол
ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма: «Қарағым ұлым, тағдырым сенің, қолыңда», - деп тұрған ізгі ана
- қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады.
«Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» - дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-
қуатты тасытады. Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз,-дегің келеді, сөзбен емес, іспен
ақтауға ұмтыласың.
Отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзіңнің сүйікті Арқаңды, сұлу
Шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді. Сол Отан, бүгін менің тағдырым сенің
қолыңда, жауынгер, деп отыр. Ойлашы, Шығыс ұлы, біз ел сенген ерміз, қалайша неміске
туған жерді қолдан береміз? Ел намысы үшін, ер намысы үшін жан қиятын шақ бұдан
артық болар ма?
...Жалған солдат болуға біздің правомыз жоқ. Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім
алдық. Біз шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек,
бауырлас орыс халқының қолбасшылары Суворов, Кутузовтардан екі үйрендік. Біз —
Исатай мен Махамбеттің, Аманкелді мен Абайдың халқының балаларымыз. Біздің
қылышымыз фашист немістің, қанымен суарылуы керек, серт осы болсын!

...Немістер бізді әрі минометтің, әрі артиллерияның снарядтарымен атуда. Оқ
астымен келіп шабуыл жасамақ. Танктің алыстан шуы естіледі. Қарсы атакаға
дайындалыңдар деген команда беріледі. Мықты бол, Шығыс ұлы! Біз қазір шабуылға
шығамыз...

Батыс майдан, 1942 ж.

2-тапсырма
Төмендегі соғыс, жеңіс тақырыбындағы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді
қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Б.Момышұлы: «Отан үшін отқа түс - күймейсің»,- деп айтқан. Осы сөзді қалай
түсінесіңдер? Берілген тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді пайдаланып, өз
ойларыңды, пікірлеріңді жүйелі жазыңдар.

Қажетті тұрақты сөз тіркестер мен мақал-мәтелдер:
Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғау, рухы көтерілу, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі
бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбітшілік аспаны, қан майдан, жау
жүрек.

джульетта2007 джульетта2007    3   04.05.2020 06:48    6

Ответы
LoVeR789 LoVeR789  14.10.2020 06:27

Біздің жүрек жұтқан батырларымыз,халқымыз,найзаның ұшымен білектің күшімен елімізді қорғап қалу үшін қан майданға аттанып кетті.Жүрегінде түгі бар,жаужүрек жастарымыз да аянып қалмады.Б.Момышұлы айтқандай"ерлік-ердің қасиеті ,жүректілік жігіттің қасиеті демекші жүректіліктің арқасында осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбітшілік аспанға жеттік.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi