1-тапсырма Мәтінді мұқият оқы.
Ғарыш қа саяхат
Ғарыш гүлзарының көркі ғажап. Небір әсем гүлдер өсіп тұр. Жердегіден
әлдеқайда шапшаң өніп, бой түзейді. Ал гүл шашқаны мүлдем керемет.
Кенет Түйме -Түбіттің даусы елең еткізді.
-Әуп, әуп! Гүл-Жауһар, бері жүрші! -деді күшік. Етегінен тістелеп, қабырғаға
қарай тартты.
– Немене, кішкентай, не боп қалды? Мен бос емеспін
— Жүр, қара, терезеге қара,- деді шіңкілдек үнмен үріп-үріп қойған Түйме-Түбіт.
– Кеңістік таза емес, көрші барып...
-Ой, мазасыз Түйме-Түбіт...
Қыз күшігіне ілесіп иллюминаторға келді. Алыстан әлдебір космос кемесі
көрінді. Айырым белгісі жоқ. Бейтаныс. Оның ұшуыңдағы көзге ұрар бір оғаштық
– қауіп-қатерге ұшырағандарынан хабардар еткендей, жарқылдап жарық жағып
келе жатқанында еді.
-Кішкентай, Батыр-Болатқа жүгір...
-Мен мұндамын, не нәрсе, Гүл-Жауһар?
—Ана жымыңдаған отты көремісің? Біреулер осылай қарай ұшып келеді.
-Иә, бағыты – ғарышқала. Ал бұлайша жарқылдатуы, әрине, апат белгісі. Қазір
сөйлесейік...
Тапсырмаларды орында.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Кішкентай күщік нені байқады?
2) Гүл-Жауһар ғарыш кемесінің бейтаныс және апатты жағдайда екенін қалай
анықтады?
b) Тыңдалған мәтіндегі оқиғаны жалғастырып, өзіңді мәтін кейіпкерлерінің біреуінің
орнына қойып, оқиғаны I жақта жаз.