1-тапсырма. «Мәтіндік зерттеу » әдісі Мәтінді мұқият оқыңыз.

1. Мәтінде көтерілген мәселені анықта.

2. Мәтінде қандай тосын оқиғағаға кездестіңіз?

3. Мәтінде қандай дәстүр көрініс тапқан?

4. Қорқыт атаның қандай ерекше қасиеттері көрінді?

5. Мәтінде қандай тілдік қолданыстар бар?(ауыспалы мағына, теңеу,эпитет, етістік формасы)

6. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

7.Мәтінге атау(ат) қойыңыз.

Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Буған Байбөрі бек шамданып: «Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Әкесінің қасында отырған баланың қолынан сүю көргенсіздік болады», - деді. Сонда көпестер: «Хан ием, бұл жігіт сіздің ұлыңыз ба еді?» - деп сұрады. «Иә, ол менің ұлым», - деді Байбөрі. Көпестер бұған таң болып: «Хан ием, мұны біз білгеніміз жоқ еді. Жақсы бопты. Егер біз оның қолынан сізден бұрын сүйіп алған болсақ, оны кешіріңіз, ашу қылмаңыз. Сіздің бұл ұлыңыз бізге болысып, ерлік көрсетпесе, әкеле жатқан тауарларыңыз Грузия жерінде қалған болар еді, біздің бәріміз тұтқында кеткен болар едік», - десті. Байбөрі оларға: «Айтыңдар, менің балам жаулардың басын кесіп, қан төкті ме?» - деді. «Иә, ол көп адамның басын кесіп, жерді қанға бояды», -десті көпестер. «Ендеше, оған ат қоятын мезгіл өтіп те кеткен екен»,-деп, Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылды.

Сол тойға менің атам Қорқыт келіп, балаға ат қойды. Тойда отырып ол: «Сөз тыңда, Байбөрі бек! Тәңірі саған ұл берді, өмірі ұзақ болсын. Ол оғыздардың тірегі, ту ұстайтын батыры болсын. Басынан кар кетпейтін биік тауларға шығамын десе, ұлың соның ең биік құзына шығатын болсын. Ағысы қатты қан сасыған өзендерден өтемін десе, тәңірі оның жүзіп өтуіне жар болсын. Ұлың қара ормандай жау ортасына кірер болса, тәңірі оның ісіне сәт берсін. Ұлыңның атын «Бамш» деп атап жүр едің, ендігі аты Бәмсі-Байрақ болсын, мінген аты Байшұбар деп аталсын. Менің қойған атым - сол, тәңірі оның жұрымын берсін», - деді.

Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, жақсы тілек білдірді. «Ұлыңның аты өзіне сай болды, бақытты болсын» ,-деп бата берді.

Дескриптор:

-мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

-мәтіндегі тосын оқиғаны табады;

- автор бейнесін талдайды;

- автордың тілдік қолданысын талдайды;

- мәтін бойынша қорытынды жасайды. ​

Ignat20032612 Ignat20032612    1   11.09.2020 13:12    14

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi