1.Тапсырма Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынас жағдайында тіршілік етеді. Адамдар өмір сүруінің тұрмыс-тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, нәтижесі. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Әлемдік тәжирибеде ортақ қатынас құралы қызметін Заңмен қабылдаған мемлекеттік тіл атқарады. Ал мемлекеттік тіл дәрежесіне көп жағдайда негізгі тіл иесі сақтап қалған тілдер ие болады. Соның бірегейі – қазақ халқының тілі, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін «Тіл туралы» заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-нің Тіл Туралы» Заңы 1989 жылы қабылданды. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
1.Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A.Тіл туралы
B.Ғылымның дамуы туралы
C.Тәрбие туралы
D. Арман-мақсат туралы ​

ruff071 ruff071    1   16.10.2020 16:02    2

Ответы
сана24 сана24  15.11.2020 16:03

ответ: В

это правильный ответ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi