1-тапсырма. Мәтінді екі рет оқы. Тірек сөздерді теріп жаз. (читайте текст, напишите опорные слова)
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Олар тату және дос. ҚР Президенті Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның мақсаты: Қазақстандағы барлық ұлттың тату өмір сүруіне жағдай жасау. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар.
Қазақстандағы 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақстанға әртүрлі жолмен келді. Олар қазақ халқына әрқашан рақмет айтады, себебі қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алды.
Көп ұлт өкілдері Қазақстанға қалай және қашан келді? Ол туралы «Жерұйық» фильмінде жақсы айтылған. Фильмнің режиссері – Сламбек Тәуекел. Сценарийдің авторлары: Сламбек Тәуекел мен Сон Лаврентий. Бұл фильм тарихи оқиға бойынша жасалған. Фильмде Сон Лаврентий өзінің балалық шағы туралы айтады.
Фильм қазақ жеріне кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд, т.б. ұлт өкілдерінің жер аударылып келгенін көрсетеді. Қарны аш, киімдері жұқа, жыртық, кір адамдарға қазақ халқы көмектесті.
Фильм «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» деген сөздермен басталады. Бұл сөздер – Абай Құнанбайұлының сөздері. Фильмнің басты кейіпкері – Орынбай. Ол – бауырмал, мейірімді адам.
Фильмде көрсетілген барлық ұлт өкілдері қазір тату және дос

BOG5555 BOG5555    3   14.04.2020 13:23    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi