1-тапсырма. Мәтін ішінен есімдіктерді анықтаңыз. ( ) Сол күні жұмбақ ғаламшардан екі бала келді. Жұмбақ елден келген балалардың әңгімесі де құпияға толы еді:
 - Біз Жердегі тіршілікті көп зерттедік,- деді қонақтың үлкені. – Жер ғаламшары ғарыштан керемет әдемі көрінеді. Бірақ жақындасаң, қатты қорқасың. Қара қою түтіннен, улы газдан тұншыға бастайсың. Біз ешқайда қона алмай қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңірен-генін, аққулардың таза суды аңсағанын көрдік. Жүрегіміз ауырды.
 - Қап, ұят болды-ау!- деді Мақсат.
 - Өздеріңе әдейі келдік,- деді екінші қонақ бала. Бірақ барлық ақылды балалар осы Жерде 
 - тұрады екен.
 - Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген халық» деп білеміз. Сендер 
 - сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан бәріне жауаптысыңдар,- деді үлкен қонақ.
 Есімдіктер: