1 - тапсырма. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ дұрыс, - бұрыс) [2]

1. Қазақстан Республикасында 130 – дан
астам ұлттың өкілі тұрмайды.

2. 1995 жылы 1 наурызда дүниежүзіне үлгі
болып отырған ұлтаралық татулық пен
тұрақтылықтың феномені - Қазақстан
Халықтары Ассамблеясы құрылды.

3. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси
маңызы зор құрылым.

4. Қазақстан – бір ұлтты мемлекет.

5. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар
мекендеген достық пен туысқандықтың,
ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Текст:
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында 130 – дан
астам ұлттың өкілі тұрады. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер,
корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар
өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша
жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз
жеткізді. 1995 жылдың 1 наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған,
ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары
Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор
құрылым.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан
халқы Ассамблеясына биыл 25 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы –
татулық дейді. (121 сөз)

Limda777 Limda777    2   06.05.2021 09:32    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi