1-тапсырма. «Мәдениет ұғымы» Мәдениет ұғымы

 Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және т.б.) жатады. Қайсы бір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». 

Мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуанимадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи  орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді. 

Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі — Э. Уилсон. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. 

Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

-Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

-Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

-Мәтіннің түрін ажыратыңыз.

ivanovavlada36 ivanovavlada36    1   01.11.2020 14:17    41

Ответы
таллвовоч таллвовоч  24.12.2023 22:19
Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз:
Мәтін әдебиеттегі жазбаларды қалыптастырудың бір түрі. Ол мәтіндің не туралы екенін, айтылған мәтіндегі белгілі сөздер мен айтылыстар мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз:
Мәтіндегі негізгі идея, мәтіндің белгілі айтылыстарымен, жазшының көзінде жатқан замандағы философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі және көркем бейнесі болады. Бұл өзіндік түріліс пен мазмүнге ие болады.

Мәтіннің түрін ажыратыңыз:
Мәтін Мәдениет ұғымын талқылау пайдаланылғандықтан, осы түсінігін беретін пайдаланушыны қалыптастыру, белгілеу және түсіндіргіш мәндік-мағыналық белгілер мен дәлелдер бар мәтіндің мәдени ойдан түлек далағанның ағартуына назар аудареді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi