1-тапсырма. Ұлы Абайдың өлеңін оқып, төмендегі сұрақаарға жауап бер Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.

Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,

Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,

Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.

Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Жалған күлкі дегенді қалай түсіндің?

2. Бозбалаға керек іс деп нелерді айтты?

3.Өлеңде кейбір жігіттің бейнесін ақын қалай сынады?

4. Үлкен іс қалай жүзеге асады?

5. Қандай адам жетесіз?

6.Сүйікті ер қандай болуы керек?

7. Өлеңнің түйінді ойы қандай?

8. Абай атамыз достықты не себепті жоғары бағалаған?

Vanita111106 Vanita111106    3   02.12.2020 13:52    1

Ответы
irlukshina irlukshina  01.01.2021 13:52
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi