1 -ТАПСЫРМА.Өлеңді оқып, өз пікіріңді жаз. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі тyрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен кімді сүйсе,

Бір сөзімен тұрса екен жанса-күйсе.

Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,

Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.

Керек іс бозбалаға талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,

Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып,

Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,

Тұрrандай бейне қорқып, жаның шошып.

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс.

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бірауыз сөз айтып күлмес...​


1 -ТАПСЫРМА.Өлеңді оқып, өз пікіріңді жаз. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі тyрлі нәрсе ғой с

prettypushkova prettypushkova    2   03.12.2020 07:24    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi