1-тапсырма Кейіпкердің әрекеттері мен портретін образды ашуда қолданыңыз.

Кейіпкер портреті

(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысы

Жапанға біткен жапырақ,

Жамылсаң тоңар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген,

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

Бадана көз, тоғыз тор,

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық-жалын таратып,

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Сапы асынар ма екенсің?

Тең құрбымен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніне бал құйып,

Өмірде сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі, жетерсің.

Vlaad555 Vlaad555    3   06.12.2020 04:02    63

Ответы
boss23242 boss23242  12.02.2021 19:39

Автор болашақ өмірінен зор үміт күтіп,бадана көз,тоғыз тор киіп,білтелі мылтық ұстап жау қашырған,тұлпар мініп,сапы асынған Ақтан батыр образын сомдаған.Сенде жетімдіктен өтесің,тең құрбыңмен теңеліп,шаруа жиып балалы-шағалы боласың,тек Ақтан қажыма,- деп күш береді.Автор кейіпкердің болашақ образын аша білген.Іс әрекетін суреттей отырып кейіпкерін алға,болашаққа,жақсылыққа жетелейді.Ақтанның болашақта жақсы өмір сүруін армандайды.

Объяснение:

дұрыс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi