1-тапсырма. Әңгімені мұқият оқып, төл сөздің қажетті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Әкесі мен қызының әңгімесі
Асан әкесінің әңгімесін қызы Әмина қызыға тыңдады. Әкесі қызықты мәліметті айтқан сайын, тағы да айта түссе екен дегендей
ынтыға түседі.
Сен білесің бе, Күн жүйесіндегі барлық планеталар Юпитер планетасына сыйып кетеді деді әкесі сөзін жалғап.
Сондай үлкен болғаны ма деді Әмина.
Егер Сатурнды суға түсіретін болса, ол су бетінде қалқып жүретін болады. Себебі, Сатурнның орташа тығыздығы судың
тығыздығынан шамамен 2 есе аз. Егер сен диаметрі кем дегенде 60 мың шақырым болатын шынаяқ таба алсаң, онда бұны өзің
тексеріп көре аласың деп өкесі одан сайын қызықтыра түсті.
Әмина тіпті не дерін білмей, үнсіз ғана тыңдап отырды.
Біз көріп жүрген Күннің түсі 30 мың жыл бұрын қалыптасқан. Күннен алатын энергия 30 000 жыл бұрын өзінің ядросында пайда
болды. Және фотондарды да (бөлшектердің жарықтары) жұлдыздың орталығынан оның бетіне шығуы үшін осынша уақыт қажет.
Бұдан кейін олар Жерге 8 минут ішінде жетеді.
Қандай қызық әке! Күн сәулесі қалай жылдам жетеді жер бетіне
деп Әмина
таңдана басын шайқады.
Иә қызым сен білмейтін талай қызық бар. Ғарыштың өзі қызыққа толы. Егер білдгің келсе, мен саған әлі талай қызықты мәліметті
айта аламын
Әрине білгім келеді,әке, айтыңызшы деді Әмина
Активация​


1-тапсырма. Әңгімені мұқият оқып, төл сөздің қажетті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Әкесі мен қыз

vgirenkov vgirenkov    3   09.04.2021 11:13    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi