1-тапсырма.Әңгіме үзіндісінен түйгеніңді адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазыңыз.«Алпыс жыл табыннан шашу шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан байдың ыза ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген. Шабандозға құл баланы отандасы еліне қашырты бергенін әуелден баршасы ұқты. Ер екен. Түрікпен бай есігіндегі құлақ кесті құлды сол сәт қимас бауырындай сезініп, жүрегі алапат сыздап кетті. Ұлдарын атқа баулыған, жыл он екі ай ат ақасынан түспей, жылқысын баққан адал қазақтың өзіне ерекше қымбат жан екенін сезінгендей, кенет алай-түлей күй кешті.Атажан әлекедей жаланған ерегескен топқа жылқышысын жазалатқан жоқ, олар тым құрыса, Тасқұлды сабап кеткісі келген. «Бас жарылса, бөрік ішінде», -деді бай. Қос атқа қоржын артып, өр қазаққа азаттық беруге бұйырды».Дескриптор: -Өзойын білдіреді+3 ұпай.-Үзіндіден кейіпкер бейнесін анықтайды+2 ұпай.-Адамгершілік құндылық тұрғысынан талдайды+3 ұпай