1-тапсырма Екі мәтінді оқыңыз, салыстырыңыз, жазылу стилін, тілін анықтаңыз.
А-мәтін.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.
Ә-мәтін.
Құрметті №39 гимназия оқушылары! Бүгін сағат 14.00 де,гимназиямыздың мәжіліс залында «Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында сахналық қойылым болады.
Барлық сынып оқушыларын толық қатысуын өтінеміз. Сіздерге арналған тосын сыйларымыз бар. Келіңіздер,көріңіздер!
Ұйымдастырушылар: «Адал ұрпақ» клубы.19.10.2018
млооаккпод