1-тапсырма Дастан үзіндісіндегі ойды сақтай отырып, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әңгімеде асты сызылған жолдарды қолданыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

- сюжетті әңгіме жазады;

- ұсынылған жолдарды әңгімеде қолданады;

- үзіндідегі ойды сақтайды;

- әңгімеде шығармашылық қырын танытады.

Әй, Бұғыбай, Бұғыбай,

Қорлық болды бұ қалай?

Жол таба алмай қамалдық,

Амал тапшы бұған-ай!

Былтыр өзің келгеннен

Ханның алдың жарлығын.

Тар жол, тайғақ кешуде

Қолдың алдың жабдығын.

Бір ізіңнен жүргіздің

Үш алаштың барлығын.

Жалғыз жолдан аса алмай,

Тастың тарттым зарлығын.

Бұл сапар алдым ашылмас,

Дүниенің шектім тарлығын.

Сасқан жерде жол тауып,

Білінуші еді нарлығың.

Осы бүгін, Бұғыбай,

Қырғыздың көрдім қорлығын,

Алатаудан аса алмай,

Қазақ жолы байланды,

Бес күн удай атысып,

Түгесіп келдім айламды.

Осындайда болмаса,

Көремін қашан пайдаңды?

Осы бүгін күн батпай,

Көрсетші қанат жайғанды.

Тау басында қырғызға

Бір тигізші найзамды.

Айналайын Бұғыбай,

Аралатшы майданды!

2-тапсырма (94-бет)

Хан Кененің сөзін қарасөз түрінде жазып, оның негізгі ойы мен көтеріліске шығу мақсаты туралы айтып бер. Қарамен жазылған сөздерге талдау жаса.

Дескриптор

Білім алушы

-үзіндіні қарасөзге айналдырып жазады;

-негізгі ойын, көтеріліске шығу мақсатын анықтайды;

-қарамен жазылған сөздерге талдау жасайды​

Аминишка Аминишка    3   24.11.2020 17:10    297

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi