1-тапсырма. Берілген үзінділерді тура және жанама мінездеулерге ажыратыңыздар. Мінездеме Тура Жанама
1.Ел қамы үшін өлуге жанын салып,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Жауға батыл, жақынға және әдепті,
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.
2.Кебек батыр жатқан соң төсекке кеп,
Қыз мінезін ішінен қылады есеп:
«Танымаған қонаққа сыр білдірген
Көрсеқызар, жеңсік қой ұрғашы-ау», – деп.
3.Нышаны жоқ бет-аузында сақал, мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан.
4.Надан жұрттың болады діні қатты,
Қабекеңе тапсырмай аманатты,
Шеткі Ақшоқы басында қалған бала
Шырқырап күн батқанша жылап жатты.
5.Ұйықтамайды сақтанып Кебек түнде,
Үш айдай бір дарада жатқан мүлде.
Толғатып Еңлік сұлу бір ұл тапқан,
Айы толып, мезгілі жеткен күнде.
6.Көп Найман екеуіне тұр анталап,
Бейне бір соятұғын малға балап.
Еңлік сонда еліне сөз сөйлейді,
Қасындағы жиылған көпке қарап:
7.Тастады бесігімен баласын да,
Обалға өшіккен ел қарасын ба?
Еңлік–Кебек моласы бүгін де бар
Таймақ пен Ералының арасында.