1-ТАПСЫРМА. Берілген үзінділер арқылы кейіпкер бейнесін анықтаңдар. ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ КЕЙІПКЕР КЕЙІПКЕРДІҢ БЕЙНЕСІ, МІНЕЗІ

Тұрып киініңдер де, дайын болыңдар! Шекарадан фашист армиясы өтіп кетіпті. Біздің полкте соғыс дабылы соғылғалы бес минут болған екен,- деп қысқа жауап қатты да, майор Жамалы мен Серігінің беттерінен сүйіп, киімдерін апыл-ғұпыл түзей салды да, үйден жүгіріп шыға жөнелді...

Жамал әрі ойлап, бері ойлап, Серікті атасы мен әжесінің қолынан алып келгеніне қатты өкінді. Жап-жас баласының ендігі күндері немен шектелмек? Көңілінде ешбір күдігі, ойында ешбір алаңы жоқ сәби енді жау оғынан бұқпантайлап, бас сауғалап жүрмек пе?

- Серік, мұның не? Жүр, мамаң өлді. Енді папаң- ды тауып алайық! - деді Анна Ивановна, оны мама- сынан күдер үздіріп, ертіп әкетейін деген оймен. Сол арада жау самолеттері де қаптап кетті. Серік артына жалтақ-жалтақ қарап, Анна Ивановнаның соңынан еріп, бүлкектеп кете барды.

Тамара ұзаң тұрмады, бұрынғыдай емес, салқын ғана сөйлесіп, село орталығына қарай жүріп кетті. Анна Ивановнаның ойлаған күдігі Тамараньің залымдық әрекетінің үстінен дәл шықты.

dashkin21 dashkin21    3   25.02.2021 15:45    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi