1 - тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз . Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп , ой қорыта отырып ықшамдаңыз . ( 70-80 сөз ) Мәтін Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып , иін ағашпен су таситын болса керек . Алайда екі шелектің біреуі тесік екен . Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де , ал тесік шелек болса , толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып , әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді Бұл жағдай дәл осылай тұп - тура екі жыл бойы жалғасыпты . Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес , бір жарым қана су жеткізіп жүріпті . Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын , тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша жерге кіріп кете жаздап ұялып , өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен . Екі жыл өтіп , бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда , шыдамаған тесік шелек су тасушыға кысыла - қымтырыла : « Сізден кешірім сұрасам деп едім , білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын » депті назарын төмен салған күйі . Таңқалған су тасушы : « Неге ? » деп сұрапты . Шелек : « Өйткені менің бір бүйiрiм тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп , өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей катты қысылам . Мен