1-тапсырма. Берілген мәтіндерді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы сызып көрсет.

А) Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ол биотехнология, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ә) Айдын Айымбетов Ұлттық ғарыш агенттігінде қызмет атқарады. «Қазақстан-Ғарыш» жобасын жалғастырушы. Арал, Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттеді. Қазақтың ұлттық тағамдарын салмақсыздықта дегустациялады.

2-тапсырма. https://youtu.be/CLZzJRTgNE сілтемесі арқылы мәтінді тыңдап, кестені ғарышкерлер туралы қызық деректермен толтыр.

Үй тапсырмасы. «Ғарышты игерген ел» тақырыбы бойынша постер құра.

Үй тапсырмасы. «Ғарышты игерген ел» тақырыбы бойынша постер құра.

upf300804 upf300804    2   28.04.2020 11:04    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi