1 -тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, түрлерін, стилін, жанрын, тілдік ерекшеліктерін анықтаңыз. [ ] 1-мәтін
2-мәтін
Телефонды қуаттап алатын сөмке
Қазіргі заманда телефонның қуаттандырғышын үнемі өзімізбен алып жүреміз. Оны үйде ұмытып кетсек, ұялы телефонның қуаты таусылып, біршама абыржып қаламыз. Ал, «Lifepack» арқа сөмкесі – адамдарға осындай жағдайда көмекке келеді. Сөмкеде күннен қуат алатын панель мен оны жинайтын аккумулятор орнатылған. Соның көмегімен сөмке иесі кез келген уақытта құрылғысын қуаттап ала алады
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар...
Базарға қарап тұрсам, әркім барар
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар.
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас бірдей жағар.
Біреуден-біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Мәтіннің түрі
Мәтіннің стилі
Мәтіннің жанры
Тілдік ерекшеліктері