1-тапсырма. Берілген мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу (6-7 сөйлем). Ғаламшар климатының күрт өзгеруі техногендік дәуір әрекетінен көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шектен тыс көп бөлінуінің салдары екендігі қазір айдан анық болып отыр. Сондықтан әлемнің озық ойлы адамзаты бұл қасіреттің алдын алу жолында дабыл қағып, кезек күттірмес шұғыл шараларды қолға алуды алға тартып отыр. Бұл маңызды мәселеден халықаралық беделді ұйымдар да сырт қалған жоқ. 1992 жыл БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы басқосуында “Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенция”, 1997 жылы БҰҰ-ның Киотодағы халықаралық саммитінде “Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама” қабылданды. Киото хаттамасын бүгінгі күнге дейін әлемнің 181 мемлекеті ресми түрде бекітті. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесіп күресу жөніндегі адамзатқа ортақ алғашқы маңызды құжат. Климаттың өзгеру үдерістері біздің еліміздің экологиялық жағдайына да келеңсіз әсер етіп отырғаны белгілі. Соңғы ғасырда ғаламшардағы ауа температурасының жылынуы 0,7 пайызды көрсетсе, Қазақстан аумағында ауаның орташа температурасы осы мерзімде 1,3 градусқа дейін жылынып кеткені анықталып отыр. Бұл әлемдік деңгейден екі есе көп. Климаттың бұлай өзгеруінің салдарлары жалпы жұрт үшін көзге ұрып тұрмағанымен, қоршаған ортаның, жер жағдайының ахуалына айтарлықтай әсер етті. Ақиқатында жаһандық жылыну құбылысын Арқа қысының құбылуынан-ақ көруге болады. Арқаның қаңтарды қақаған аязы мен ақпандағы ақтүтек борандарына ауысып отыратын қалыпты үрдісі соңғы жылдары күрт өзгерді. Желтоқсанда жаңбыр жауып, қаңтарда қар еритін тосын жағдайлар қалыпты құбылысқа айналды.
мчплоснпапшл ватлшгп кшдиопа магли