1-тапсырма. 104-беттегі оқылым мәтінін оқып танысыңдар. Жаратылыстану пәнінен алған білімдеріңе және қосымша ақпараттарға сүйеніп, Қазақстанның
өзендері туралы 6-7 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңдар.​


1-тапсырма. 104-беттегі оқылым мәтінін оқып танысыңдар. Жаратылыстану пәнінен алған білімдеріңе және

susovaanastasia susovaanastasia    1   18.01.2021 08:06    0

Ответы
NaTaShA0930 NaTaShA0930  18.01.2021 08:10

Өзен Ұзындығы Қазақстанда

Ертіс 4 248 км 1 700 км

Есіл 2 450 км 1 400 км

Жайық 2 428 км 1 082 км

Сырдария 2 219 км 1 400 км

Тобыл 1 591 км 800 км

Іле 1 439 км 815 км

Шу 1 186 км 800 км

Ұзындығы 500 км

Өзен Ұзындығы Қазақстанда

Нұра 978 км 978 км

Торғай 825 км 825 км

Ойыл (өзен) 800 км 800 км

Сарысу 800 км 800 км

Жем 712 км 712 км

Талас 661 км 453 км

Үлкен Өзен 650 км 260 км

Кіші Өзен 638 км 395 км

Елек 623 км км

Ырғыз 593 км 593км

Сағыз өзені 511 км 511 км

Шідерті өзені 502 км 502км

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi