1-тапсырма. 1.1. Үзінді бойынша ойыңызды айтыңыз және жоспар құрыңыз ( )
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
1.2. Шығарманың идеясын анықтап жазыңыз ( ) -
1.3. Өлеңнің мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалап, 3 сөйлеммен келтір ( )
2 тапсырма.
XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны күшейтті. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
2.1. Берілген мәтінге ат қойыңыз?(1)
2.2. «ПТМС формуласы» бойынша 4 сөйлем жазып, сөйлемдегі тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
«ПТМС (позиция, түсіндіру, мысал келтіру, салдар немесе нәтиже) формуласы» (позиция, объяснение, примеры, следствие).
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»; (1)
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;(1)
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; (1)
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».