1. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз. А) Әжеге В) Әжесіне С) Әжелер D) Әжетай Е) Әженіні 2. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз. А) Қара бояу, қалың киім, суық су В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар С) Қалың шөп, адал ас, қара көз D) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ 3. Қате жазылған сөзді табыңыз. А) әрқашан В) әлдене С) әлдебіреу D) бірнәрсе Е) әрқалай 4. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Жуан жіп. В) Жуан дауыс. С) Жуан ауыл. D) Жуан жол. Е) Жуан сіңірлі. 5. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз. Қыста ... күзде күн суық болады. А) Бірақ. В) Және. С) Арқылы. D) Әйтпесе. Е) Мен. 6. Өткен шақтағы етістікті табыңыз. А) Отырармын. В) Отырдым. С) Отырмассың. D) Отырмын. Е) Отырарсың. 7. Cиноним болмайтын сөздерді табыңыз. А) Күш, қуат В) Қас, жау С) Ұстаз, шәкірт D) Еріту, балқыту Е) Құрбы, құрдас 8. Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз. A) Жорта айтты. B) Жазғытұрым келеді. C) Артта қалды. D) Әрі-бері жүрді. E) Тез келді. 9. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз. А) Тұздың емдік қасиеті бар. В) Аурудан аяған күштірек. С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ. D) Бес жүздей жұмыскер қосылды. Е) Анам қалаға кеткен. 10. Сенің ойың орындалатын шығар? Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын табыңыз. А) Етіс. В) Зат есім, етістік. С) Есімдік. D) Көсемше. Е) Көмекші етістік. 11. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын табыңыз. А) –мақ, -мек, -бақ, -бек В) -дай, дей, -тай, -тей С) –лау, -леу, -дау, -деу D) –аң, -қай, -ша, -ше Е) те, аса, ең 12. Сөйлемнен туынды зат есімді табыңыз. А) Сұр дала мен құла тартқан адырлардың үстіне қып-қызыл күн шапақ атты. В) Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. С) Баланың жақсысы- қызық, жаманы –күйік. D) Кітабыңмен жүрегіңді жылытқан ақынның бәрін де жақсы көресің. Е) Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 13. Атаулы сөйлемді табыңыз. А) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. В) Қыс. Сары аяз. С) Бұл жерде суға түсуге болмайды. D) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді. Е) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді. 14. Есімшенің жұрнағы жалғанған етістікті табыңыз А) Ол ауылға барыпты. В) Сен мектептен келдің бе? С) Сіз Алматыда тұрасыз ба? D) Мен сабаққа кешіккенмін. Е) Ағам Шымкентте оқиды. 15. Көп нүктенің орнына қойылатын шылауды табыңыз. Мен кітаптан Абай көп нәрсені үйрендім. А) арқылы В) жайлы С) сияқты D) дейін Е) кейін 16. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз. А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. D) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді. 17. Қазақтардың әдет-ғұрыптық заңдар жинағы қалай аталады? A) «Жеті Жарғы» B) «Заңнама» C) «Ата Заң» D) «Шежіре» E) «Жеті ата» 18. Әр адамның өзіне дейінгі арғы тегін білуі қалай аталады? A) Шілдехана B) Наурыз той C) Тұсау кесу D) Жеті ата E) Қонақжайлық 19.Мемлекеттік елтаңбада шаңырақ бейнесі нені білдіретінін көрсетіңіз. А) Киелі шамшырақты В) Адалдық, тазалықты С) Бес құрлықты D) Еркіндік, биік арманға самғауды Е) Отанымыздың біртұтастығын 20.Қазақ драма театрының ең бірінші қойған пьесасын табыңыз. А)«Ревизор» В)«Айман-Шолпан» С)«Еңлік-Кебек» D)«Абай» Е)«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 21.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бірінші болып қай ел таныды? А) Ресей В) Қырғызстан С) Өзбекстан D) АҚШ Е) Түркия 22.«ҚР Мемлекеттік рәміздері» күні қашан ? А) 7 мамыр В) 1 маусым С) 4 маусым D) 6 шілде Е) 30 тамыз 23. Қазақтан шыққан тұңғыш академик ғалым кім? А) А.Байтұрсынов В) Ы.Алтынсарин С) Ә.Марғұлан D) Қ.Сәтбаев Е) Ш.Уәлиханов 24. 1929-1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған қаланы анықтаңыз. А) Орынбор В) Алматы С) Қызылорда D) Астана Е) Ақмешіт 25. Ту бетіндегі ою-өрнек бейнесі нені білдіретінін көрсетіңіз. А) Қазақ елінің өзіндік ерекшелігін В) Киелі шамшырақты С) Бес құрлықты D) Еркіндік, биік арманға самғауды Е) Адалдық, тазалықты
1.Әжеге
2.в
4.а
5.және
6.в.Отырармын
7.с