1) Түркістан – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар
2) Түркістан қаласы әлемге Қожа Ахмет Йасауи атымен әйгілі. Сондықтан да Түркістанға келгендер ең алдымен сол кесенеге барады. Бұлкесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі.
3) Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – биік күмбезді, үлкен ғимарат. Оның қабырғалары күйдірілген кірпішпен өрнектелген. Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар.
• Мәтіндер қай жанрда жазылған?
• Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар?