1. Төменде берілген сөздердің ішінен сөз формаларын табу. Кел, келші, келіңізші, келтірінді, келтіріс, келісім, келгіште, келмес, келте,
келгіш, келімсек; сөз, сөзуар, сөздік, сөздер, сөздің, сөзбен, сөйлем,
сөзмерген, сөзшең, балаға, балапан, баламен, балалар, балгер, қалам,
қаламгер, қаламмен, қаламдар.
2. Сөйлемдегі сөздерді морфологиялық құрылымына қарай талдау.
Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдың өзі. Астында семіз
жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ақ жал, сары жорға ат көп
жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жараң және зор болатын. Құнанбайдың
қалың жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға, әсіресе қысқы жолға мінетін
аты осы еді.
3.Мәтіндегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың
қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғанын дәлелдеңіз.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп,
ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой,
дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел өзіңді білуге,
ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғабдат
қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге
лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды.
Орынсыз, боымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойыды таза сақтайтұғын,
күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан
құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын
мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады» депті (Абай)