1. Шешендік сөздер дегеніміз не? 2. Шешендік сөздер жанрлық белгісіне қарай нешеге бөлінеді?
3. Қазақтың би шешендерін атаңдар
4. Шешендік өнер неше кезеңге бөлінеді?
5. Шешендік сөзді зерттеген ғалымдарды атаңыз​

Roma1971 Roma1971    3   14.09.2020 12:30    12

Ответы
hac20 hac20  15.10.2020 21:09

1.Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар;

2.Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. ойшылдарының 3.Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, шешен, билердің Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:

4) 1кезен.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.

2кезен. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.

Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.

3кезен.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.

4кезен.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.

5кезен.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.

5)Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi