1. сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз. ол жақсы оқыса, университетке түседі. а) қарсылықты. в) шартты. с) себеп. д) мақсат. е) мезгіл. 2. мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз. а) қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық . в) мен барғанша, ол кетіп қалды. с) күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық. д) ол келіссе, біз кешке киноға барамыз. е) оқушылар келген соң, сабақ басталды. 3. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. а) мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. в) биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. с) әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. д) мұхит келіп еді, арман шыға жөнелді. е) олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді. 4. ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз. а) мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. в) еңбек көрікті етеді және тынысты тазартады. с) еңбек мықты етеді. д) мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. е) қар жауса да, тоңбайды бай . 5. сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. а) еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті. в) ауылда жаңа мектеп салынды. с) хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. д) айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. е) күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады. 6. қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. а) айжан дүкенге кетті. в) біресе ол барады, біресе айгүл барады. с) күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. д) бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. е) мен кеше сабаққа келген жоқпын. 7. себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. а) кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді. в) әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты. с) ағам келетін уақыт болды. д) әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, абай шешіле түсті. е) түн. ай жап-жарық . 8. сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз. а) екі жай сөйлем. в) атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем. с) жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем. д) бағыныңқы, басыңқы. е) толымды, толымсыз сөйлем. 9. салаластың түрін ажыратыңыз. ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ . а) ыңғайлас. в) қарсылықты. с) түсіндірмелі. д) кезектес. е) талғаулы. 10. кезектес салаласты табыңыз. а) күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. в) жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. с) қалада жаңа үйлер салынды. д) машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. е) біз асыға кірдік. 11. сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. а) жай сөйлем. в) шартты бағыныңқы сөйлем. с) кезектес салалас сөйлем. д) қарсылықты салалас сөйлем. е) ыңғайлас салалас сөйлем. 12. «әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз. а) кезектес салалас. в) себеп-салдар салалас. с) ыңғайлас салалас. д) талғаулы салалас. е) қарсылықты салалас. 13.шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз. а) жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. в) мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма. с) басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой. д) биылғы қыс суық болған жоқ . е) «бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді. 14. құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз. а) таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. в) үлкендер төрде отыр, жастар босағада. с) еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. д) жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. е) өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

rika060501 rika060501    3   17.08.2019 18:10    7

Ответы
vladrifeyt1 vladrifeyt1  05.10.2020 01:14
1В. 2. А 3.В 4.В 5.С 6.Д 7.А 8Д. 9.В 10.Д 11.В 12.Д 13А. 14.Е
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi