1.Сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі дұрыс нұсқаларын табыңыз. 1. айқын мақсат а)личность политического деятеля 2 .кемеңгер адам ә)выдающийся ученый 3. саясаткер тұлғасы б)вождь Алашорды 4. биік тағылым в)мудрый человек 5. көрнекті ғалым г)огромный урок 6.Алашорда көсемі д)конкретная цель *
А) 1-д;2-в;3-а;4-г;5-ә;6-б
В)1-в;2-а;3-ә;4-б;5-г;6-д
С)1-ә;2-г;3-а;4-в;5-б;6-д
D)1-б;2-в;3-г;4-ә;5-а;6-д
E)1-а;2-б;3-в;4-г;5-ә;6-д

2.Дұрыс құрастырылған сөйлемдерді анықтаңыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлы- а)қазақ линвистикасы терминдерін ұсынды 2 .Алматыда ғалымның ә)алаш көсемдерінің бірі 3. Ғалым алғаш рет б)араб жазуы негізінде жасады 4. Ол қазақ әліпбиін в)деген атаққа ие болған тұлға 5. Ол- «Ұлт ұстазы» г)мұражай-үйі бар *
А) 1-ә;2-г;3-а;4-б;5-в
В)1-в;2-а;3-ә;4-б;5-г
С)1-ә;2-г;3-а;4-в;5-б
D)1-б;2-в;3-г;4-ә;5-а
E)1-а;2-б;3-в;4-г;5-ә

3. Шылауға тән емес ерекшелігі бар сөйлемді тап *
А) Толық лексикалық мағынасы болмайды.
В) Түрленбейді.
С) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.
D)Сөйлем мүшесі бола алмайды.
Е) Сөздерді байланыстырады не толық мағыналы сөзге қосымша мән үстейді.

4. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. *
А) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен.
В) Е, жақсы болыпты.
С) Мына кісі неткен білімді.
D) Пайда ойлама, ар ойла.
Е) Даналық халық сөзінде екен

5. Шылауы бар сөйлемді табыңыз. *
А) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
В) Сөз- өмірдің үлкен қаруы.
С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
D) Басты мәселе-оқу үлгерімі.
Е) Ой жетпейтін жер болмайды

6.Тіркескен сөздеріне қосымша мағына,реңк үстейтін шылау түрі қалай аталады? *
А) демеулік
В) септеулік
С) жалғаулық
D) реттік
Е) сапалық

7.Сұраулы сөйлем жасауға көмектесетін шылау түрі *
А)демеулік
В)септеулік
С) жалғаулық
D)сапалық
E)қатыстық

8. «Ма, ме, ба, бе, па, пе»- демеулік шылаудың қай түрі? *
А) сұраулық
В) нақтылық
С) күшейткіш
D) болымсыздық
Е) шектік

9. -ды шылауы қай сөзде нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұрғанын ажыратыңыз. *
А) Қараған(ды)жері
В) Ол көргенін айтқан(ды)
С) Бала қаз(ды)қуды.
D) Әуелі қатты ұялып қысыл(ды).
E) Бар(ды)бағалай біл.

10. Мына сөйлемге қажет шылауды көрсетіңіз. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қазақ даласына ертеден- ... таныс. *
А) –ақ
В) –мыс
С) –ді
D) –ай
Е) –ау

11. Болжалдық шылауды анықтаңыз. *
А) –мыс
В) мен
С) кейін
D) ма
E) ғой

12. «Биоалуантүрлілік – табиғаттағы балансты сақтау ғой»- сөйлемдегі шылау түрін анықтаңыз. *
А) нақтылық
В) сұраулық
С) болжалдық
D) жалғаулық
E) шектік

13. Екі мәтіннің ұқсастығы неде? 1-мәтін.Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын. 2-мәтін.Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. *
А) қасқыр туралы
В) Құрмаш туралы
С) ауыл туралы
D) ауыл иттері туралы
E) Көксерек туралы

14.Қате жазылған шылауды табыңыз *
А) барған-ау
В) бармайақ қой
С) сондай-ақ
D) сұмдық-ай
Е) барыпты-мыс

15.Қомсыну демеулігі бар сөйлемді анықта? *
А) Тарих туралы әңгіме қозғады.
В ) Құс екеш құс та балапанын қорғайды.
С) Мен де, сен де бүгін тапсырманы орындайық.
D) Қоңырау соғылып қалса ше?
E) Ол түгіл мені таныған жоқ.​

Nurbakyt2103 Nurbakyt2103    2   26.02.2021 10:38    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi