1. Поэмадағы оқиғалар қай елде болады ?
А. Сауд Арабия
Ә. Египет
Б. Македония
2. Ескендірдің әкесі кім ?
А. Теодор
Ә. Филип
Б. Августин
3. Ескендірге берілген мінездеме :
А. Әділ, мейірімді, жанашыр
Ә. Қорқақ, зұлым, парасатты
Б. Мақтансүйгіш, қызғаншақ
4. Ескендірдің алға қойған мұраты, арманы :
А. Үлкен қорған салу
Ә. Жер жүзін жаулау
Б. Халқын бай-дәулетті ету
5. Адамдар Ескендірден неге қорыққан ?
А. Қанішер қаһарлығынан
Ә. Тым жас болғандықтан
Б. Айлакерлігінен
6. Ескендір неше жасында патша болды ?
А. 20 Ә. 21 Б. 23
7. Ескендір әскерімен қандай қиындыққа жолығады ?
А. Батпаққа батып кетеді
Ә. Елсіз щөлге тап болады
Б. Жау қоршауына алынады
8. Ескендірдің көзіне жалтырап түскен сәуле не ?
А. Мөлдір бұлақ
Ә. Аспандағы күн сәулесі
Б. Белгісіз сәуле
9. Бұлақ суының дәмі қандай ?
А. Өзгеше, тәтті Ә. Ащы, қышқыл Б. Тұщы, тұзсыз
10. Ескендір судын дәмін тексеру үшін суға нені салады ?
А. Балықты Ә. Қолын Б. Ыдысты
11. Ескендір бұлақты басып алу үшін қайда келеді ?
А. Тосқауылға Ә. Бөтен елге Б. Алтын қорғанға
12. Қақпаның ар жағынан қандай дауыс естіледі ?
А. «Бұл – өте құнды жәдігер, саған рұқсат жоқ»
Ә. «Саған қақпаны ашып беремін, тек бір шартым бар»
Б. «Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,бұл — құдайға бастайтын қақпа»
13. Қақпадан Ескендір қандай сый алады ?
А. Көп қап алтын Ә. Ағаш сандық Б. Бір қу сүйек
14. Ескендірдің ақылшысы:
А. Платон Ә. Аристотель Б . Әль-Фараби.
Ескендірге сүйектің қасиетін көрсету үшін не алдырады ?
А. Таразы Ә. Ақылшы уәзірлер Б. Сандық
16. Сүйекті немен теңестіреді ?
А. Ауыр заттармен Ә. Темірмен Б. Алтын-күміспен
17. Сүйектің ауырлығын басқан не ?
А. Алтын Ә. Топырақ Б. Адам салмағы
18. Қақпа иесінің Ескендірге сүйекті берудегі мәнісі не ?
А. Досының жанында төмендігін көрсеткісі келді
Ә. Ақылын тексеріп көргісі келді
Б. Дүниеге тойымсыздығын көрсеткісі келді
19. Аристотельдің сүйекті берудегі жұмбағының шешуі қандай сөз болды?
А. «Бұл – сенің ең дұрыс шешімің»
Ә.»Бұл – адам көз сүйегі»
Б.»Бұл – сенің өміріңнің бақытты шағы»
20. Поэманың соңында Ескендір не істейді?
А. Ақылға келмей, қақпаны құлатады
Ә. Ақылға келіп, әскерін алып кері қайтады
Б. Өз –өзіне қол жұмсайды