1-інші тоқсан ТЖБ КӨМЕК КЕРЕК Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.

Каспий – дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.

Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол – су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

1. Судың әртүрлі күйі туралы айтылған ақпарат қай абзацта екенін тап.

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4

2.Оның құрамында микробтар болуы мүмкін. Берілген сөйлемде есімдік қалай түрленген?

A) Жіктелген. В) Септелген. С) Түрленген. Д) Тәуелденген

3.Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Берілген сөйлемде жіктеу есімдігін қай сөзбен ауыстыруға болатынын тап.

А) өзен В) қар С) мұз Д) су

4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат

1. 1.

2. 2.

3. 3.

5.ЖазылымТөменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп жазыңыз. 1.Қазақ спортшыларының әлемге танылуы туралы дәлелдер келтіре отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастырып жазыңыз. 2.Әлемде ауызсу мәселесі шешілген бе? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.

nastya09042 nastya09042    3   14.03.2021 15:07    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi